12.09.2024
06:31
1071
Қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасы қалай өзгерді?

Қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасы қалай өзгерді?

2024 жылдың тамызында қоғамдық тамақтану қызметтерінің бағасы айтарлықтай өскені байқалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жылдық мәнде баға 9,4% өсті. Бұл мекемелердің түрлі форматтарын қамтиды: мейрамханадағы түскі ас 10,3% қымбаттады, асханада түстену 9,6% қымбаттады, фаст-фуд орындарында тамақтану рта есеппен 12,4% өсті.

Айта кетейік, өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 5 383 асхана, 4479 кафе және 2303 мейрамхана тіркелген.