Қоғамдық орындарда кальян шеккендер жазалануда

19 Қараша, 02:35 525

Қызылордада “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы барысында кальян шегудің 9 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.

Облыс көлемінде “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр. Мәселен, түнгі уақытта қала орталығында орналасқан дәмханалардың бірінде кальян шегіп отырған кәмелетке толмағандар анықталды. Олардың заңды өкілдеріне хаттама ресімделіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Ал кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол берген кәсіпкер де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция департаментінің қызметкерлері қоғамдық орындарда шегуге тыйым салынған кальян, темекі және темекі өнімдерін тұтынатын адамдарды анықтау мақсатында күн сайын түнгі уақытта ойын-сауық орындарында рейдтік іс-шаралар жүргізіп жатыр. Жыл басынан темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін және кальян қоспаларын тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағытта жұмыстар жалғасады,-делінген ведомоство мәліметінде.

Зарина Арман
Бөлісу: