Қоғамды ішінен ірітетіндерге тұтас ел болып тосқауыл қоюымыз керек - депутат

3 Қаңтар, 15:33 1295

Мәжіліс депутаты Үнзила Шапақ Президент сұхбатында айтылған "заң мен тәртіп" мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қ. Тоқаев «Мемлекеттің басты міндетінің бірі – заңның мүлтіксіз орындалуын, тәртіптің қатаң сақталуын толық қамтамасыз ету. Сондықтан заң бұзған кез келген адам жауапқа тартылады. Ал заң мен тәртіпті сақтау мәселесіне азаматтардың идеологиялық ұстанымы мен саяси көзқарасының еш қатысы жоқ.  Заң бәріне ортақ» екенін де ерекше атады. Соның ішінде отбасылық-тұрмыстық зорлық зомбылыққа, қатыгездікке  қатысты әрекеттерге де мүлдем төзбеушілік танытатын кез келгенін тағы да ескертті, - дейді депутат.

Кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік тәртіпке шақырады. 

Мүлдем төзбеушілік – бұл азаматтардың кері, қарымта әрекеті немесе кез келген ұсақ құқық бұзушылықтардың өзіне бой алдырмауы, кері жауап қайтаруы. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды, ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды деп регламенттелген.  Аталған конституциялық нормалар отбасы мүшесі қадір қасиетіне қол сұғу және жеке адамның қауіпсіздігіне де толық қолданылады. Сондықтан азаматтардың өздеріңің құқық бұзушылықтардың алдын алуға белсенді қатысуын қамтамасыз ету - құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастырудың басты шарты екені анық, - деп жазды ол.

Әрбір азамат еліміздегі заң мен тәртіп үстемдігін қалыптастыруға   жауапты болуға тиіс. Еліміздің әр тұрғыны кез келген зорлық зомбылықтың, тәртіпсіздіктің, залалды  әрекеттің жолын кесуге міндетті. Оны басқа біреу істейді деп күтпеу керек, арнайы органдарға сілтеп бей жәй қараудың қажеті жоқ. 

Әр бір саналы азамат ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, бөтеннің мүлкін бүлдіру, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын, жыныстық қол сұғушылықты ымдайтын, жыныстық қысым көрсететін, үйбұзар    және басқа да әрекеттерді жасауға мүмкіндік тудырмай күресе білу абзал.  «Жұрт зорлық-зомбылық жасағандарға жазаны қатайтуды талап ете тұра, қылмыс әлеміндегі шытырман оқиғаларға таңдай қағып, фильмдердің заңды белден басатын кейіпкерлерін ғана емес, тіпті шынайы өмірдегі кәнігі қылмыскерлердің өзін пір тұтып жатады, - деп қосты Үнзила Шапақ.

Бұл жағдай бір-біріне мүлде кереғар және өте оғаш көрінетінін де атап өтті.

Біз қоғамды ішінен ірітетін, адамгершілікке жат қылықтарды ақтауды көздейтін кез келген әрекетке және құқықтық нигилизмге тұтас ел болып тосқауыл қоюымыз керек.  Біз заңсыздық пен қатыгездікке бір кісідей, батыл қарсы тұруымыз қажет. Сондай-ақ қоғам нормалар мен ережелердің және жалпы адамзатқа ортақ құндылықтардың аяқасты болуын қатаң айыптап, онымен бірлесе күресуі керек» деп ескертуін есімізде ұстаған жөн. Сонымен қоса, Қасым-Жомарт Кемелұлы, мұндай қылмыстардың алдын алып, жолын кесу үшін нақты шаралар қабылданып жатқанын айтты, - дейді депутат.

Біздің елде тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы және оған қарсы күрес жүйесіндегі заңнамалық база, ең алдымен, Конституция, «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» арнаулы салалық Заң, қылмыстық және әкімшілік кодекстер жатады. Осы заңда тұрмыстық зорлық-зомбылық «отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана іс-әрекеті (әрекеті немесе әрекетсіздігі)»-деп айқындалған. Осылайша, заң отбасы-тұрмыстық қатынастарда, яғни неке-отбасы қатынастарындағы адамдар, жеке тұрғын үй, пәтер немесе өзге де тұрғын үй-жай шегінде бірге тұратын адамдар арасындағы, сондай-ақ бұрынғы ерлі-зайыптылар арасындағы қатынастарда зорлық-зомбылық профилактикасын реттейді.

Жалпы алғанда, талдау көрсеткендей, әлемдік практикада отбасындағы зорлық-зомбылықтың болдырмау мәселесінде 2 негізгі тәсіл қалыптасты, олардың бірі жазалау әдісі болып табылады. 

Ол жанжалдасушы тараптар арасындағы қатынастарды тоқтату және оған кінәлі адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту арқылы зорлық-зомбылық циклін бұзуға бағытталған. Бұл тәсіл заңнамасы балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты қатаңдату жолына түскен қазіргі заманғы елдерде басым болып отыр.

Екіншісі – ресторативтік әдіс, ол жанжалды реттеуге және отбасылық қатынастарды сақтауға бағытталған және көбінесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шараларды пайдалануды, әлеуметтік қызметтердің жанжалды реттеуге қатысуын, сондай-ақ түзету-тәрбиелеу және медициналық, ең алдымен, психологиялық көмектің мәжбүрлеу бағдарламаларын қолдануды көздейді.

Осы тәжірибені ескере отырып Президенттің «Адам құқықтары мен заң үстемдігі саласындағы ІС-ҚИМЫЛ ЖОСПАРЫ»-ның Әйелдерге қатысты кемсітушілікті жою деп аталатын үшінші бөлігінде төмендегілер көзделген, - дейді мәжілісмен.

Депутат Қазақстанның қолданыстағы заңнамаларына тұрмыстық зорлық зомбылық туралы енгізілген соңғы өзгертулерге тоқталып өтті:

Әйелдер мен балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарды тергеумен әйел тергеушілер айналысатын болды. 
Сондай-ақ ішкі істер органдарында әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғаумен шұғылданатын мамандардың штаты қалпына келтіріліп, олардың құзыреті күшейтілді.

Былтыр отбасындағы тұрмыстық құқық бұзушылықпен күрес тәсілдерін қайта қаралды. 1 шілдеден бастап полиция жәбірленушінің шағымын емес, қылмыстың анықталуын негізге алып, қылмыстық істі тіркеуге көшті. Яғни мұндай қылмыстарға қатысты іс қозғау үшін зорлық-зомбылықтан жапа шеккен адамның арызы қажет емес. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік едәуір күшейтілді. 

Жәбірленуші қайта-қайта қысымға ұшырамауы үшін бұдан былай мұндай іске қатысты тараптарға екінші рет татуласу мүмкіндігі берілмейтін болды. 
Қамауға алу мерзімі 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін, ал заң бұзушылық қайталанған жағдайда 25 тәулікке дейін ұзартылды. 
Тұрмыстық жанжал барысында денсаулыққа ауыр немесе орташа зиян келтірілсе, ол адам 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: