Қоғамда қызу пікірталас тудырған Ұлытау облысының төлтаңбасы қайта таңдалады

19 Қаңтар 2023, 14:43 1665

Бұл туралы Ұлытау облыс әкімдігі мәлім етті

Конкурс нәтижесі бойынша бір күн бұрын бекітілген Ұлытау облысының төлтаңбасы тұрғындардың қызу пікірталасынан кейін қайта таңдалатын болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

«Облыс төлтаңбасы мәселесі әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды. Осыған байланысты конкурс қорытындыларын және сәйкесінше конкурстық комиссияның нәтижелерін жою туралы шешім қабылданды», - делінген Ұлытау облысы әкімдігінің Facebook-парақшасында.

EL.KZ
Бөлісу: