Қоғамда дау тудырып бұзылған Ақселеу Сейдімбекке жаңа ескерткіш қойылды

10 Мамыр, 16:53 2319

Көрнекті қаламгер, қоғам қайраткері Ақселеу Сейдімбектің Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданындағы ескерткіші қайта орнатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, осыдан бір жарым жыл бұрын ашылған тас мүсін көпшіліктің сынына ұшыраған. Сол себепті ескерткішті бұзу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы аудан әкімі Юржан Бекқожин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Кешеден бері олқы шыққан ескерткіш жайлы қазақтың әр азаматы өз ойын айтып, жанашырлық танытуда. Кеше ескерткішті орнынан алып, мүсінді қайта жаңғырту шараларын қолданатынымыз жайлы айтқан болатынмын. Бүгін Ақселеу ағамыздың ағайын-туысымен кездесіп, барлық жағдайды түсіндірдім, ұсынысымды айттым. Дәл қазір көңілге қонымсыз жасалған мүсінді бұзу жұмыстары басталды,  – деп жазды әкім.

Жаңа ескерткіш қойылғанын жазушы Ұларбек Нұрғалымұлы Fаcebook парақшасында жазды.

Жаңаарқа төрінде алаштың бір абызы Ақселеу Сейдімбекке ескерткіш ашылды! Толқын Табысбек, Азамат Талапхан, керемет, келісті жасапсыңдар! Айбыны асқақ тұр!, - деп жазды ол.
Мадина Асылбекова
Бөлісу: