Қобда ауданында төтенше жағдай жарияланды

15 Наурыз 2023, 13:10 1014
Мұндай шешімді Қобда ауданының әкімі Болат Құлов қабылдаған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
 
Аудан орталығына қызыл су 13 наурызда келе бастаған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, небәрі бір сағатта сел үйлер мен аулаларды басып қалған.
 
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 51 тұрғын үй, "Айди" кафесі судың астында қалған.
 
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. 91 адам эвакуацияланды. Ауылда арнайы техника жұмыс істейді, көшелерге инертті материалдар себіліп, қаптар төселіп, қызыл су сорылып жатыр. 13-14 наурыз аралығында түнде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және аудан орталығының су басуын болдырмау үшін Самара — Шымкент халықаралық маңызы бар жолдың 613-ші шақырымының бір бөлігін ашу туралы шешім қабылданды. 14 наурызда сағат 19:10-да автомобиль жолы көлік қозғалысы үшін ашылды, делінген хабарламада.
 
14 наурызда Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Қобда ауылында болып, тұрғындармен кездесіп, әрбір зардап шеккен отбасына көмек көрсетілетін айтты. Ол үшін арнайы комиссия құрылған.
 
Аудандағы осындай су тасқыны соңғы рет 1993 жылы болған.
EL.KZ
Бөлісу: