Елімізде «1WIN» онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастырған төрт адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қаржылық мониторинг агенттігі мына адамдарға халықаралық іздеу жариялады:
Аталған тұлғаларға қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында «1WIN» онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңгені құрайды, - делінген мәліметте.
Агенттігі сізге іздеудегі тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, мына телефон нөмірлеріне хабарлауды сұрайды:
+7-701-577-56-83 - Іздеу жұмыстары бойынша,
+7-701-121-47-65 - Іздеу жұмыстары бойынша,
+7-727-279-20-86 - кезекші бөлім.