Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық «Барыс» Магнитогорскінің «Металлургімен» кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ойын басталғанға дейін елорда клубы Шығыс конференциясында соңғы орында болды, ал ресейлік клуб көш басында тұрған.
Ғалым Мамбеталиев аталған кездесуге мына құрамды шығарды: Паскуале (Шутов) — Скленичка-Пышье, Барбер-ЛаБейт-Оберг; Бекетаев-Шалапов, Савицкий-Шестаков-Мұратов; Нұрғалиев-Королев, Старченко-Апальков-Рымарев; Гайтамиров-Қайыржан, Өмірбеков-Червени-Логвин.
Бірінші кезең айдын иелерінің пайдасына шешілді – 1:0, екінші кезеңде олар есепті еселеді.
20 қарашада «Барыс» Нижний Новгородтың «Торпедосымен» кездеседі.
«Металлург» (Магнитогорск, Ресей) – «Барыс» (Астана, Қазақстан) – 2:0 (1:0, 1:0, 0:0)
Шайбалар:
1:0 — 19: 10 Джонсон (Гребенкин).
2:0 — 36: 04 Дәндер (Карпов, Яковлев).
Қақпашылар: Набоков — Паскуале