ҚФФ бас бапкер Станислав Черчесовке қатысты мәлімдеме жасады

Кеше, 17:16 244

Қазақстан футбол федерациясы бас бапкер Станислав Черчесовтің болашақ тағдырына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін БАҚ беттерінде Черчесовтің қызметінен кететіні туралы мәлімет тараған. Федерация мұны шындыққа жанаспайды деп отыр.

Қазіргі таңда Станислав Черчесов ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырады, - делінген мәліметте.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: