ҚазҰУ-дағы жер дауы: министрлік Құлыбаевпен бір шешімге келе алды ма?

23 Қаңтар, 12:00 1148

Баспасөз брифингте ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі жер дауына қатысты тілшілердің қойған сауалына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, жер қайтару процесі осыдан екі жыл бұрын басталғанын тілге тиек етті.

Қайтарылған жерлерде бүгінгі таңда ҚазҰУ-да биыл үлкен жаңа құрылыс жоспары басталды. Алдағы үш-төрт жылдың ішінде 3,5 гектар жерді игереміз. Оның ішінде жатахқаналар, жаңа оқу корпустары, зертханалар көзделген. Қазіргі таңда құрылыстың дизайыны – бәрі дайын, – деді министр.

Аталған мәселеге қатысты журналист «Құлыбаевпен бір шешімге келе аласыздар ма: бұзып тастау немесе жатақханаға айналдыру деген сияқты?» деп сұрады.

«Аманат» партиясының жерге қатысты үлкен жобасы бар. Мұнымен депутаттар айналысып жатыр. Біз әкімшілік тарапынан депутаттардың бұл жұмысына бүкіл жәрдемді көрсетіп жатырмыз, – деді ғылым және жоғары білім министрі.

Еске сала кетейік, былтыр Әл-Фараби атындағы ұлттық университет жерінің Әл-Фараби даңғылымен шектесетін оңтүстік бөлігінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың иелігіндегі компания «Atlas development» заманауи бизнес орталық салып жатқаны туралы ақпарат тараған еді.

Амангүл Тілейқызы
Бөлісу: