ҚазҰАЗУ лауазымды тұлғалары 43,8 млн теңгені жымқырған

16 Қазан, 10:32 350

Алматы прокуратурасы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің жалған тұқым егу және егу орындарын өңдеу жолымен бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Бас прокуратураның тапсырмасымен университеттің қызметіне тексеру жүргізілген, онда 2020 жылы университет жалпы сомасы 43,8 млн теңгеге қант жүгерісінің тұқымын, «аммофос» минералды тыңайтқышы мен аммиакты селитрасын сатып алуға мемлекеттік сатып алу туралы үш шарт жасасқаны анықталған. Тексеру жоғарыда аталған тауарлардың іс жүзінде жеткізілмегенін, ақша қаражатының қолма-қол ақшаға айналдырылғанын көрсетті, - делінген мәліметте.

№2 Медеу аудандық сотының үкімімен университеттің «Саймасай»  оқу-тәжірибелік шаруашылығының директоры Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталды.

Залал толық көлемде өтелді.

Үкім заңды күшіне енді.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: