«ҚазТрансГазАймақ» мекемесіне 3,8 млн теңге айыппұл салынды

24 Қаңтар, 23:08 671

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ Батыс-Қазақстан өндіріс филиалына 3,8 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомсвтоның БҚО бойынша департаменті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ тауарлық газды бөлшек саудада өткізуде ақы төлеу шарттарында баяндалған талаптарға қатысты өтінішін қарау аясында «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Батыс-Қазақстан өндіріс филиалы атына сұрау хаттар жолдаған. Хат жауабында шарттың талаптары Қазақстанның барлық коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылары үшін бірыңғай екендігі туралы ақпарат берілген. Алайда департамент филиалдың монополияға қарсы органға дұрыс емес немесе жалған ақпарат бергендігін анықтады. Өйткені кейбір шарттарда коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылармен жасалған шарттарды іріктеп талдау кезінде талаптар басқа редакцияда жазылып, әртүрлі шарттарды қолдануы анықталған.

Оқи отырыңыз: 

Департамент «ҚазТрансГазАймақ» АҚ қатысты монополияға қарсы органға дұрыс емес ақпарат беру фактісі бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 162-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады.

Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен «ҚазТрансГазАймақ» АҚ 5 520 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.

Айта кетейік, сот Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 829-11-бабы 2-бөлігіне сәйкес, салынған айыппұл сомасын 30% дейін (3 864 000) теңгеге азайтты. Бүгінгі күні айыппұл толық көлемде төленді.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: