«Қазпошта» бөлімшелерінің 70%-ін жөндеу қажет - Әсел Жанасова

27 Қыркүйек 2023, 15:13 1645

Халық арасында «Қазпошта» бөлімшелерінің қызметіне көңіл толмаушылық бар. Бұған «Қазпошта» басқарма төрағасы Әсел Жанасованың айтары бар. Бұл қаржылық қиындықтарға байланысты екен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Қазпошта» инфрақұрылымның 70%-і тозған. Бұл соңғы жылдардағы қаржылық қиындықтарға байланысты ірі салымдардың болмауының кесірінен болып отыр. Қазіргі уақытта біз ауылдық елді мекендерде мобильді пошта бөлімшесінің тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз. Жақын арада ауылдардағы бөлімшелерді біртіндеп жаңартуды бастаймыз.  Сонымен қатар бөлінген қаражат шеңберінде «Қазпошта» бөлімшелеріне күрделі жөндеу жүргізетін боламыз, - деді ол.

Отарбаева Бақытжан
Бөлісу: