«ҚазМұнайГаз» Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz хабарлайды.
Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жаңаөзен қаласындағы төтенше жағдай салдарынан қайтыс болған тұрғынның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады және зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуін тілейді, - делінген мәліметте.