Қазіргі бессайыс: Георгий Борода-Дудочкин семсерлесуде 10 жеңіске қол жеткізді

8 Тамыз, 20:46 556

Париж Олимпиадасында қазіргі бессайыстан бәсеке басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық құрама спортшысы Георгий Борода-Дудочкин алғашқы кезең семсерлесуде 10 жеңіске жетіп (25 рет жеңіліп), 175 ұпай жинады. Қазір ол 35-орында тұр.

Ертең қазақстандық спортшы жартылай финалды А тобында көш басындағы мысырлық қарсыласымен бірге бастайды. Енді спортшылар ертең 200 метрге еркін әдіспен жүзуде кім мықтыны анықтайды.

Үшінші жарыс - конкур. Шешуші жарыста атлеттер жүгіру кезінде лазерлі тапаншамен нысана көздейді. Айта кетейік, қазір әйелдер арасында Елена Потапенко семсерлесуден классификацияны бастады.

Спорттың бұл түрінде барлығы 72 спортшы (36 еркек, 36 әйел) жүлдеге таласып жатыр.

Зарина Арман
Бөлісу: