27.10.2022
14:16
2225
Қазір ақпарат алу мен тарату жылдамдады - қырғызстандық PR-менеджер

Қазір ақпарат алу мен тарату жылдамдады - қырғызстандық PR-менеджер

Astana Media Week - 2022 медиа апталығында Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Жылдыз Айгерчиновамен тілдестік.

– Қазақстанда ауқымды медиа платформаға куә болдым. Жалпы ақпарат құралдарының алдында тұрған мәселелерді талқылып, оның шешілу жолын қарастыру дұрыс. Біз қазақстандық әріптестерімізбен тәжірибе алмасып, PR-менеджер саласындағы өзекті мәселелер туралы талқылады, – деді ол.

Орта Азия елдеріндегі БАҚ және PR  саласындағы ортақ мәселені сұрағанымызда:

– Әрине, тек Орта Азия деп шектеу дұрыс емес. Меніңше, әлем елдерінде ортақ құбылыс – жаңа медиа дамып, ақпарат алу мен тарату жылдамдады. Қазір ақпарат құралдарының алдында фейк ақпаратты ажыратып, жан-жақты зерттелген жаңалықтарды ұсыну міндеті тұр, – деді Жылдыз Айгерчинова.