20.01.2025
11:58
1105
Қажылыққа баратындар вакцина алуға міндеттелді

Қажылыққа баратындар вакцина алуға міндеттелді

Қажылыққа баруды жоспарлап жүргендер бұдан былай вакцинация алуға міндетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сауд Арабиясында жаңа шарт 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап жүзеге асады. Енді қажылыққа барушылар менингококкты менингитке қарсы вакцинация алуы керек. 

Вакцинация кем дегенде 10 күн бұрын жасалуы керек. Полисахаридті вакцина 3 жыл, конъюгацияланған вакцина 5 жыл жарамды. 

Ал 1 жасқа дейінгі балалардан вакцина талап етілмейді.