Қажеттілік туындайтын болса, базалық мөлшерлемені тағы да көтеруге әзірміз

15 Қараша 2022, 16:47 993

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Ғалымжан Пірматов Қазақстан қаржыгерлерінің Х Конгресінде айтты

Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің Х Конгресінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаудағы факторлар туралы айтты, деп хабарлайды El.kz.

«Қазір команда біздің болжамдарымызды қайта жаңарту тұрғысында жұмыс істеп жатыр. Осы болжамдық раундтың қорытындысы бойынша деректер мен бірқатар макроэкономкалық факторларға сүйене отырып, шешім қабылдаймыз. Қажеттілік туындайтын болса, базалық мөлшерлемені тағы да көтеруге әзірміз. Ол шешімді 5 желтоқсанда жариялаймыз. Біз қашан да шешім қабылдарда негізгі макроэкономикалық параметрлер бойынша болжамдарды, инфляциялық күтулерді және басқа да факторларды назарға аламыз» деді, Ұлттық Банкінің Төрағасы.

EL.KZ
Бөлісу: