«Қазгидрометтің» ауа райына байланысты болжамы көңіл көншітпейді

13 Сәуір, 11:30 608

«Қазгидромет» 13 сәуірде еліміздің басым бөлігінде күн күркіреп, жаңбыр жауатынын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік және Оңтүстік циклондар және олармен байланысты атмосфералық фронтальді бөлімдер ҚР көп бөлігінде найзағайлы, жаңбырлы ауа райын тудырады, оңтүстіктің таулы аймақтарында жаңбыр қатты жауады, елдің солтүстігінде түнгі уақытта жауын-шашын болады (негізінен жаңбыр). ҚР бойынша тұман, жел күшейеді деп күтілуде, - деді «Қазгидромет» РМК  баспасөз хатшысы Алина Исмагулова ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Оның айтуынша, Ақмола облысында Есіл өзені гидрологиялық бекетінде су деңгейінің 12 сағат ішінде 21 см-ге көтерілуі жалғасуда. Петропавл қаласында Есіл өзені гидрологиялық бекетінде су деңгейінің тәулік ішінде 144 см күрт көтерілуі байқалды. Долматово а. – Есіл өзенінің гидрологиялық бекетінде су деңгейінің тәулік ішінде 135 см көтерілуі байқалды.

Сергеев су қоймасы бөгетінің қырынан асып төгілуінен және еріген қар ағынының келуіне байланысты су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде, - деді спикер.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: