Қазгидромет: Еліміздің жеті облысында ескерту жарияланды

24 Қараша 2022, 23:28 3733

Синоптиктер ескертуді ескертуді ауа райының қолайсыздығымен байланыстыруда

25 қараша күні қолайсыз ауа райына байланысты елдің бірқатар өңірінде ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Күндіз Абай облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде бұрқасын болады, шығысында көктайғақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с.

Түнде Қостанай облысының басым бөлігінде қар жауады, облыстың шығысында қатты қар, облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (қар, жаңбыр) күтілуде.  Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың шығысында бұрқасын. Облыстың солтүстігіне тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде көктайғақ. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 25 м/с. Қостанай қаласында бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде қатты қар жауып, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с жетуі мүмкін. Павлодар қаласында күндіз бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, облыстың оңтүстігінде қатты қар жауады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қаласында түнде бұрқасын болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар, облыстың солтүстік-шығысында қатты қар жауады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Өскемен қаласында күндіз бұрқасын болады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында тұман түседі. Оралда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Қарағанды облысының солтүстігінде кей уақытта қатты жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстіктен батысқа жел бағыты ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Қарағанды қаласында көктайғақ болады.

Астанада жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысының басым бөлігінде жауын-шашын, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде кей уақытта 23 м/с жетуі мүмкін. Көкшетауда түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының орталығында тұман күтіледі. Қызылорда қаласында кей уақытта тұман түседі.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады. Ақтөбе қаласында түнде көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде көктайғақ болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с.

Түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с. Ақтауда шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Түнде және таңертең Жетісу облысының таулы және тау етегіндегі аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 23-28 м/с. Талдықорғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

EL.KZ
Бөлісу: