30.11.2022
08:25
4115
Қазгидромет: Еліміздің басым бөлігінде аяз болады

Қазгидромет: Еліміздің басым бөлігінде аяз болады

Еліміздің басым бөлігінде суық антициклон сақталады, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет»-ке сілтеме жасап.

Солтүстік антициклонның әсерінен аяз болады. Солтүстік-батыстағы атмосфералық бағыттың әсерінен солтүстікте қар жауып, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста қар және жаңбыр жауады деп күтілуде.

Қазақстан бойынша жел күшейеді. Солтүстік-батыста, солтүстік – бұрқасын болып, оңтүстіктің таулы аудандары мен оңтүстік-шығыста – тұман және көктайғақ орын алады. Солтүстікте, шығыста, Жетісу облысының Алакөл көлі аумағында қатты жел тұрып, оның жылдамдығы 30 м/с-тан асады. Түркістан облысының тауды және тау бөктеріндегі аудандарында қар мен жаңбыр жауып, Жамбыл облысында қалың қар түседі, - делінген синоптиктердің болжамында.