"Қазгидромет" РМК деректері бойынша Алматыда бірнеше сағат ішінде 12 мм, ал тау бөктеріндегі жерлерде 15 мм жаңбыр жауды. Бұл бір айлық жаңбырдың 53 пайызы (қыркүйек айындағы норма-28 мм), деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы жаңбыр салдарынан болған зардаптарды жою жұмыстары бірден жүргізілгенін мәлімдеді. Бұл жұмыстарға 96 арнайы техника, 40 мотопомп, 19 ассенизатор машинасы (оның 9-ы алдын ала су басуы мүмкін жерлерге жеткізілді), 416 жұмысшы, 2400 қап құм, мотопомпалармен және қажетті құрылғылармен жабдықталған 71 жедел мобильді бригада жұмылдырылды. Оған ТЖД, РЖҚО, Алматы құтқару қызметінің күштері, сондай-ақ мердігер ұйымдар тартылды. Мердігерлерді қоспағанда барлығы 23 қызметкер, 7 бірлік техника, тіркеме және тасымалданатын мотопомпалар жұмылдырылды.
Нөсер жауынның және арық желісінің жаңбыр суына толып кетуі кесірінен қаланың жоғарғы бөлігінде автомобиль жолдарының кейбір учаскелері су астында қалған. Ең үлкен жүктеме Аманжол көшесінде болған, онда жол төсемінің опырылуы салдарынан 13 автокөлік зақымданған. Әуезов ауданы әкімі аппаратының дерегінше, бұған дейін аталған учаскеде "Спецстрой Групп ЛТД" ЖШС мердігерлік ұйымы сумен жабдықтау және кәріз желілерін салу жұмыстарын жүргізген. "QazaqGaz" ақ газ құбырының жоспарланған құрылысына байланысты асфальтбетон жабыны толық қалпына келтірілмеген.
Барлық су тасқыны жойылып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді. Түнгі уақытта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 189 техника мен 180 жұмысшы кезекшілік етеді.