16.01.2023
13:42
2663

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын жариялады

Қазгидромет синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Қазгидромет таратқан ақпаратқа сәйкес, солтүстік-батыс антициклонның әсерінен елімізде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында қар мен боран болады.

Тұрақты антициклон және арктикалық ауа массалары температура фонында күрт өзгерістер тудырмайды. Аяз әлі де сақталады.