«Қазгидромет» алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды

21 Қазан 2022, 13:11 4260

Еліміздің оңтүстігі мен шығысында жылы ауа райы сақталады

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды El.kz.

Солтүстік циклон 22 қазанда Қазақстан аумағына ауысады.

Оның ықпалымен бірінші кезекте елдің солтүстік жартысында жаңбыр мен қар жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Тек елдің оңтүстігі мен шығысында жылы ауа райы сақталады.

Бірақ 23 қазанда циклон шығысқа қарай жылжуына байланысты ауа райы тұрақсыз сипат алады.

23 қазаннан бастап батыста, 24 қазаннан бастап солтүстікте Батыс антициклон әсерінен жауын-шашын тоқтайды және ауа температурасы төмендейді.

Ауа температурасы:

батыста түнде 5 аяз-5 жылы, күндіз 2-12 жылы;

солтүстік, солтүстік-батыс, солтүстік-шығыста түнде 0-8 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 2-10 жылыдан 2 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді;

республиканың орталығында түнде 2-10 жылыдан 0-8 жылыға дейін, күндіз 8-18 жылыдан 3 аяз – 5 жылыға дейін төмендейді;

еліміздің шығысында түнде 3 аяз - 5 жылыдан 0-8 аязға дейін, күндіз 12-20 жылыдан 3 аяз - 5 жылыға дейін төмендейді;

оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде 5-12 жылы, таулы аудандарда 0-5 аяздан 0-5 жылы, таулы аудандарда 5-10 аязға дейін, күндіз 20-25 жылы, таулы аудандарда 12-17 жылыдан 5-13 жылы, таулы аудандарда 2 аяз-5 жылыға дейін күрт төмендейді.

Бөлісу: