Қазгидромет 24 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты

24 Желтоқсан 2022, 08:26 1451

Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

24 желтоқсанда елдің бірнеше өңірінде күн райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Ақмола облысының басым бөлігінде бұрқасын соғады. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 25 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжанып отыр.

Астана қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, желдің жылдамдығы облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Батыстан жел соғады, күші облыстың солтүстікте, шығысында, таулы аймақтарында 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде көктайғақ. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с.

Абай облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында желд15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында күші 15-20 м/с.

Павлодар облысының батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында бұрқасын күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады.

EL.KZ
Бөлісу: