Қазгидромет: 16 желтоқсанда қар, тұман, көктайғақ болады

16 Желтоқсан 2022, 08:25 972

Күн райына моңғол антициклоны әсер етіп отыр

16 желтоқсанда ел өңірлерінде қар, тұман мен көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республика аумағының басым бөлігіне әлі де моңғол антициклоны әсер етіп отыр. Сол себепті жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек қиыр батыста және елдің оңтүстігіндегі таулы аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен аздаған қар, батыста көктайғақ болады деп болжануда.

Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында тұман күтіледі.

EL.KZ
Бөлісу: