15.12.2022
08:33
1102
Қазгидромет 15 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты

Қазгидромет 15 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты

15 желтоқсанға арналған күн райының болжамы белгілі болды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

ҚР аумағының басым бөлігіне антициклон әсер ететіндіктен, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Тек еліміздің оңтүстігінде, түнде батысында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты қар жауады, көктайғақ күтіледі.Оңтүстік-шығыста, оңтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай облысында, Түркістан, Жамбыл облыстарының таулы аудандарында, түнде және таңертең Маңғыстау облысында тұман түседі.