Қазгидромет: 13 қаңтарда бірқатар өңірде ауа райы бұзылады

12 Қаңтар 2023, 23:51 1416

Күн райының өзгеруіне байланысты 10 өңірде ескерту жарияланды

13 қаңтарда ауа райының өзгеруіне байланысты бірнеше облыста ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола облысында  бұрқасын болады деп отыр. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с артады.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың батысында екпіні 25 м/с күшеюі мүмкін.

Абай облысынның солтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігі мен орталығында екпіні 25 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болжанады. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғып, жылдамдығы 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын желдің күші облыстың солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с құрайды.

Павлодар облысында бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің жылдамдығы солтүстік пен шығыста 15-20 м/с құрайды.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман болады. Желдің күші – 15-20 м/с. Түнде өңірдің басым бөлігінде 30-33 градус қатты аяз болатыны ескертілді.

Түнде Түркістан облысының басым бөлігінде 25-27 градусқа дейін аяз күтілуде.

Түнде Шымкент қаласында 25 градус қатты аяз болады. 

EL.KZ
Бөлісу: