Қазгидромет 10 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды

9 Қараша 2022, 20:52 1926

11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазгидромет 10 қараша күні ауа райына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10-12 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.

Астана қаласында көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ болжанады.

10 қарашада түнде және таңертең Абай облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында көктайғақ болады.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкент қаласында 10-11 қарашада түнде кей уақытта тұман болады.

Павлодар облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облысының солтүстігінде, батысында күндіз екпіні 15 м/с жетеді.

Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болжанады.

EL.KZ
Бөлісу: