Бүгін "Qazcontent" АҚ-ың Басқарушы директоры қызметіне белгілі журналист Шернияз Шағатай тағайындалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шернияз Шағатайбұған дейін республикалық телеарналар мен сайттарда жауапты қызметтерді абыройлы атқарған. Тәжірибесі мол журналист.
«Qazcontent» АҚ – мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыратын медиа компания.
Бүгінгі таңда компания алты ақпараттық ресурстарды біріктіреді. Бұл жаңалықтар сайттары – baigenews.kz, baq.kz және el.kz, тақырыптық порталдар – adebiportal.kz, e-history.kz және ruh.kz, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми сайты.
Компания ресурстары үш тілде қол жетімді: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде.
Барлық порталдардың жалпы аудиториясы бір айда 2 миллионнан астам оқырманға жетеді.