06.11.2025
14:39
574
Qazcontent алаңында ATNA өкілдерімен кездесу өтті

Qazcontent алаңында ATNA өкілдерімен кездесу өтті

Бүгін Qazcontent акционерлік қоғамының кеңсесіне Түркітілдес ақпарат агенттіктері альянсының (ATNA) өкілдері келді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Кездесу барысында делегация мүшелеріне Qazcontent компаниясының қызмет бағыттары, мультимедиалық студиялары мен цифрлық контент өндірісі таныстырылды. Қонақтар қазақстандық медиа нарығының даму үрдістерімен, сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық ресурстарды басқару тәжірибесімен танысты.

El.kz/Арман МҰХАТОВ

Іс-шараның мақсаты — түркітілдес елдердің жетекші ақпарат агенттіктері арасындағы ынтымақтастықты тереңдету, ортақ контент алмасу және ақпараттық саладағы интеграцияны нығайту.

ATNA делегациясының өкілдері: 

  • Нуржан Касмалиева және Замирбек уулу Исматилла – Kabar агенттігі (Қырғызстан);

  • Азизов Жавлонбек – UzA агенттігі (Өзбекстан);

  • Istvan Zoltan Toth және Eszter Rigó-Kántor – MTI агенттігі (Венгрия);

  • Фуад Гадилли – AZERTAC агенттігі (Әзербайжан);

  • Эльшан Шахбалаев – Түркітілдес ақпарат агенттіктері альянсының (ATNA) бас хатшысы.

El.kz/Арман МҰХАТОВ

Айта кетейік, биыл Түркітілдес ақпарат агенттіктері альянсының төрағалығы ресми түрде Qazcontent акционерлік қоғамына берілді. Бұл қадам түркі елдері арасындағы ақпараттық әріптестікті жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды бастама болып саналады.

El.kz/Арман МҰХАТОВ
El.kz/Арман МҰХАТОВ
El.kz/Арман МҰХАТОВ
El.kz/Арман МҰХАТОВ
El.kz/Арман МҰХАТОВ
El.kz/Арман МҰХАТОВ
El.kz/Арман МҰХАТОВ
El.kz/Арман МҰХАТОВ