"ҚазАвтоЖол" және "Korea Expressway Corporation" компаниясымен келісімге қол қойды

24 Сәуір, 20:16 575

«ҚазАвтоЖол» және «Korea Expressway Corporation» ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

24 сәуірде ҚР Көлік министрлігінің «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы мен Оңтүстік Корея мемлекетінің өкілдерімен кездесу өтті. «Korea Expressway Corporation» Оңтүстік Кореядағы ақылы автожолдарды салумен айналысатын және оларға қызмет көрсететін компаниялардың бірі.

Кездесу аясында шетелдік мамандарға «Астана-Теміртау» бағытындағы ақылы учаскесінің жұмысы таныстырылып, оларды күтіп-ұстау шаралары көрсетілді. Келіссөздер барысында қос тарап автожолдар мен көлік жүйелерін жүйелі жобалау, салу, техникалық қызмет көрсету және пайдалану саласы бойынша мәселелерді талқылады.
 
Іс-шараны қорытындылай келе, екі тарап өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Аталмыш құжат автожол саласында тәжірибемен алмасуға, әрі өзара тиімді ынтымақтастықты күшейтуге мүмкіндік береді.

Зарина Арман
Бөлісу: