«ҚазАвтоЖол» қызметкерлері балалар үйіне көмектесті

16 Наурыз, 13:30 783

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қостанай облыстық филиал қызметкерлері балалар үйіне көмектесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Наурыз мейрамының қарсаңында жолшылар «Дельфин» сәбилер үйінің тәрбиеленушілерімен кездесті.

Ұлттық компаниядағылар ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар үшін мұндай кездесулердің маңызы зор екенін атап өтті. Өйткені олар материалдық қолдау алып қана қоймай, өздерін қоғамның бір бөлшегі екендігін сезініп, сүйіспеншілікке бөленеді. 

Мұндай бастамалар қайырымдылық көмектің қоғамдағы оң өзгерістерге әсер ететіндігінің жарқын мысалы болып табылады. Атаулы іс-шаралар алдағы жылдары дәстүрге айналып, мұқтаж жандарға қуаныш сыйлайтынына сенімдіміз.

Оқи отырыңыз: 

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: