22.11.2024
11:33
829
Қазавтожол көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

Қазавтожол көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазавтожол дерегінше, 2024 жылғы 22 қарашада Абай, Алматы, Батыс Қазақстан, Жетісу, Павлодар мен Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қар күтіліп отыр.

Сол себепті жүргізушілерден қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, жолдардағы ауа райы қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, – делінген хабарламада.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.