24.02.2024
19:11
1076
ҚазАвтоЖол еліміздің жолдарындағы ауа райы туралы айтты

ҚазАвтоЖол еліміздің жолдарындағы ауа райы туралы айтты

Оңтүстік және оңтүстік-шығыста қар жауып, тұман түседі, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Солтүстік және орталық Қазақстанда 10-23°С дейін күн суытады.

Ал, Шығыс Қазақстанда 23-38°С аяз болады деп күтіледі.

Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар!

Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.