ҚазАвтоЖол Ақтөбедегі су тасқынына қатысты ахуалды айтты

20 Наурыз, 12:39 565

20 наурызда сағат 06:00 шамасында Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз тас жолының 288-ші шақырымында су басты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шалқар қаласынан 31 шақырым жердегі жолды күннің жылынуы мен қардың кенет еруіне байланысты су басып, оның ұзындығы 300 м және биіктігі 20-30 см құрады.

Су басқан жерге құбыр (диаметрі 1,5 метр) орнатылды. Сондай-ақ ескерту белгілері қойылып, жол тәулік бойы бақылауға алынды. Жұмысқа 3 адам мен 2 техника жұмылдырылды: ДРС пен тіркемесі бар МТЗ. Алдын ала 650 қап құм қойылып, қосымша 480 тонна құм сатып алынды. 

Қазіргі таңда жолда көлік қозғалысы шектелген жоқ.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: