Қазақтың ержүрек батырлары

30 Маусым 2021, 15:05 6291

Намысты қолдан бермеген білекті палуандар

 

Қай заманда болмасын халқымыз қайсар батырлары мен білекті балуандарымен ерлік пен елдікті бекемдеген. Бүгінгі материалымызда кең байтақ елі мен жерін қорғаған әрі жауырыны жерге тимеген, намысты қолдан бермеген қазақ палуандары жайында айтатын боламыз. Бұл жайында Қайрат Айдарханұлы мен Жәди Шәкенұлының «Алтай алыптары» атты кітабынан да кездестіруге болады. Ендеше, ержүрек батырлар кімдер болды екен?  

 

ҚАЛЕЛХАН БАЛУАН

 

Қалелхан Ыдырышұлы 1946 жылдың соңында Бурылтоғай ауданында туылған. 1955-1963 жылдары Бурылтоғайда бастауыш, орталау, орта мектеп оқыған. 1963 жылы толық ортада оқып жатқанда Шынжаң балуандар Командасына талдады (оқушы кезінде өзара күрестіріп талдапалды). 1964 ЖЫЛЫ Анхуйда мемлекет Командасы құрамындатәрбиеленуге алып барды. Индонезия балуандары Қытайға келіп, 1965жылы мемлекеттік 2-кезекті дене-тәрбие қимылында халықаралық шектемелі (ертедегі күрес) күрес түріне 57кг салмақта 2-болып күміс медалмен мадақталып сыйланды. Шаңшуңда, Бейжіңде, Шаңхайда 1966 жылы мемлекеткомандасы талданып Жапонияның балуандарымен достық жарысқа қатысқан, (Жапонияның өз ішіндегі 1-дәрежелі балуаны екен). 1966 жылы Жилин өлкесінің Шаңшун қаласында өткізілді. Жапондықтар Қытай балуандарын жығып тоқтатпаған кезде Құрманғазы қарсы жақтың балуанын жығып даңқ алып берді. 1970 жылы үш аймақтан – Тарбағатайдан балуан талдады. Шәуешек, Дөрбілжін, Қобық, т.б. жерлерден жеті адам апарды. Тәрбиелегендері жақсы нәтиже жаратқан. Моңғол, Сібе, Дағұр, Қазақ т.б ларды аралап Көктоғай ауданынан Жансейіт 1963 жылы Шынжаң балуандар командасына талданған. 87кг салмақта 2-орындық нәтиже жаратқан.

 

1971 жылдан бастап Шіңгіл аудандық дене-тәрбие комитетінде Кеңсе меңгерушісі болып қызмет істеген. 1974 жылы ұйымдастыру бөлімінде істеп жүрген кезде мәдениет зор төңкерісінен кейін алғашқы бірінші топтағы балуандар: Гүлістан, Айдархан, Солтікен, Камелхан, Жұмабек, Бақыт, Озей, қатарлы балуандарды тәрбиелеген. Сол жылы Шынжаң ұйғыр автоном райондық балуандар командасына қатысып, өлкелік жарыста Алтай аймағы бірінші болды.

 

1974-1975 жылдары Ішкі Моңғол және Бейжіңде мемлекеттік балуандар жарысында мемлекеттік ертедегі күрес түрлерінің орынбасар бас судья бастығы болған. 1971 жылы балуандар командасы тарап Алтай аймақтық ұйымдастыру бөлімінде; 1976-1979 жылдары ұйымдастру бөлімінің орынбасар бастығы, 1979-1983 жылдары еңбек мекемесінің орынбасар бастығы, 1983-1992 жылға дейін еңбек кадрлар басқармасының орынбасар бастығы, 1992 жылдан Алтай аймақтық еңбек кадрлар басқармасының партия группасының басшысы, басқарма бастығы қызметтерін атқарды.

 

МЕЙРАМБЕК БАЛУАН

 

Мейрамбек Ағырапұлы 1962 жылы 1 қазанда Көктоғай ауданының Күрті ауылдығында туылған. Ауыл арасындағы той-томалақтардағы күрестерге түсіп«Бала балуан» атанып жүргенде 1978 жылы енді 7 сынып оқып жүрген Мейрамбекті Шынжаң балуан талдау қызметкерлері талдап алады. Сол жылғы Алтай аймағы бойынша жалғыз Мейрамбекті Шынжаң балуандар командасына қабылдаған. Енді ғана 16 жасқа толған бала балуан Мейрамбек1978-1980 жылға дейін жасөспірім балуандар жарысына қатысып, онда мемлекет бойынша бір рет 2 дәрежелі, бір рет 6 дәрежелі болып нәтиже жаратады.

 

1980 жылдан бастап мемлекеттік жарыстарға қатыса бастайды. Сол жылы Бейжіңде жүлдеге таласу жарысы болып 74кг салмақтағылармен күресіп мемлекет бойынша 2-орын алады.

 

1981 жылы Күнмиң қаласында 74кг салмақта күресіп мемлекет бойынша өз салмағында 6-орынды иелейді.

 

1981 жылы қыркүйекте Шаңхайда 74кг салмақта күресіп 3 дәрежелі болады.

 

1982 жылы сәуірде Шанши өлкесінің Тайван қаласында 74кг салмақта күресіп 2 дәрежелі болды.

 

1982 жылы қазан айында Хынан өлкесінің орталығы Жыңжуда 82кг салмақта күресіп 5 дәрежелі болды.

 

1983 жылы талдау жарыста 82кг салмақта 6 дәрежелі болды. Сол жылдың қыркүйек айында Ішкі Моңғолдың Хөххот қаласында 82кг салмақта күресіп 2-орын алды.

 

1984 жылы сәуір айында Ішкі Моңғолда 90кг салмақта күресіп 2-орын алды. Сол жылдың қыркүйек айында Үрімжіде 90 кг салмақта күресіп 2-орын алды.

 

1985 жылы сәуірде Чиңхай өлкесінде 90кг салмақта күресіп 3-орын алды. Осы жылдың маусым айында Югославияда өткізілген халықаралық жарыста 90кг салмақта 4-орын алды. Осы жылдың қыркүйек айында Күнмиң қаласында жүлдеге таласу жарысында 90кг салмақта күресіп 2-орын алды.

 

1986 жылы Лия униң өлкесіндегі талдау жарыста 100кг салмақта күресіп 1-орын алды. Осы жылы мемлекеттік командамен күресіп 100кг салмақта 2-орын алды. Ал қыркүйек айында Ішкі Моңғолдың Хөххот қаласында 100кг салмақта күресіп 1-орын алды.

 

1987 жылы 6-кезекті Гуанжоуда ашылған мемлекеттік дене- тәрбие жиналысында 100кг салмақта күресіп 3-орын алды.

 

1989 жылы Күнмиңде өткізілген жарыста 130кг салмақта күресіп 2-орын алды.

 

1982 жылы шілдеде Автономиялы облыстық 3-кезекті дене- тәрбие жиналысында Құлжа қаласында 90кг салмақта күресіп 1-орын алды.

 

1986 жылы шілдеде 4-кезекті автономиялы облыстық жарыста 130кг салмақта күресіп 1-орын алды.

 

1992 жылы Қазақстанның Талдықорған обылысында, 1993 жылы қыркүйектен 1994 жылы шілдеге дейін Шығыс Қазақстан облысында достық дене-тәрбие алмасуларда болып қайтты.

 

Мейрамбек үнемі арыстың «Еркін күрес» түріне қатысқан. Үнемі балуандар командасында болып, ел ішіндегі той- томалақтарға қатыса бермеген. ҚХР мемлекеттiк чемпионысаналады. Көктоғай аудандық дене-тәрбие комитетінде

 

тәрбиеші-жаттықтырушы болып қызмет атқарады.

 

 

 

ӘЛІП БАЛУАН

 

Әліп Оспанбайұлы 1921 ЖЫЛЫ Өр Алтайда дүиеге келген. Әкесінен сегіз жасында айырылып, тұрмыстың небір ауыр қиын күндерінбастан кешеді. Аң аулап, азаматболып, мал қуып, олжа алады. Бұл пысықтығы шешесі Бөтекейге жанашырлық, аялауы болса, енді бір жағынан, «қашқынның ауылы» аталатын өз ауылына бақыт, байлық әкелуі еді. Расында азаматтың бала жасынан танылған ерлігі еліне мақтаныш та, қорғанда болады.

 

Әліп балуан өзінің өткен кешірмелерін баяндағанда, былайша әңгіме айтады:

 

Балуандығымды айтсам, 1947 жылы құрбан айтты жайлауда өткізді. Сонда Молқының адуын балуанын, Сарбастың балуанын жықтым. Бір жолы Үрімжідегі ұйғырлар жер-жердегі мықты балуандарын жинап, «қала балуан» (өгіз балуан) сыйлығын береміз деп жатқан екен. Қазақтарға: «Балуандарың болса, әкеліңдер» дейді. Сонда ел ағалары мені алып барды. Ақыры өз іштерінен шыққан тоғыз балуаны шетінен жығып, «өгіз балуан» атанып, сый-сияпатпен қайттым. 1955 жылы сәуірде Қарақас руының балуаны Дәлелханмен күресіп, қапыда кеткенім бар. Десе де Дәлелхан балуан азамат екен. Кейін қалай да бір күрессем деп едім, бір орайы келмеді. Сол кезде өкпе ауруға шалдығып, екі қабырғам сынып жүрген кез еді. Елдің аюмен алысты деп жүрген кезі – 1944 жылы, ел жайлауға шыққан кез, біз Таршаның дөңгелек сайында едік. Аю қораға шауып, тыныштық бермеді. Осы жолы қораға шапқан аю, ентелеп өзіме қарсы келіп қалғанда, қолыма түскен маңдайшамен ұрып жыққан едім.

 

Әлекең 1943 жылы Баркөлдің көліне қонған екі алып құстың бірін атқанда, құстың қанатына оқ тиіп, су ішінде қалады. Жайылған қанаты 2-3 үйдің орнындай жерді алып, сирағы бір метрдей, тұмсығы жарым метрге таяу ақкөл құстың қасына жетіп келгенде аузын арандай ашып, өзіне айбат шегеді. Мылтығының түтігін құстың аузына тығып тұрып атпақшы болады. Қара мылтықтың түтігі аузына ілінген құстүтікті жұтып қоярдай мойнын бұрғанда, түтікті майыстырып жібереді. Мұны көрген Әліптің жанындағы серігі шошып: «Мынау мақұлық пәлеге ұқсайды, жазым болармыз тегі» деп қашпақшы болады. Құстың топшысын оқ үзіп, жаны қиналып жатқанын көрген Әліптің көңілі босап, енді бір жағынан жанындағы жолдасына ерлік көрсеткісі келіп, аузын арандай ашып, сақылдап жатқан құстың тұмсығынан ұстап алып, қыса түседі. Құс әрі-бері тыпырлап, қанатымен су сабалағанда дауыл соғып, нөсер құйғандай болады. Бірақ, Әліп тұмсықтан айырылмай, тұншықтырып біраз тұрады, құс барған сайын әлсіреп барып өледі. Осы құсты атқа өңгеріп, ауылға алып барғанда ұлы қариялар: «Ойбай, мынау басқа жақтан ауып келген Байжағай деген құс, киесі атады-ау!» деп дүрлігеді. Ауыл болып құсты сойғанда, аяқ терісі он бес шыны тары сиятын тұлыпқа жарайды. Қанатын отыздай үй сібірткіге бөліп алады. Тұмсығын қариялар бертінге дейін естелік етіп сақтаған екен. Міне, осыны ойлаған балуан ата: «Көзіңмен күнде көріп жүрген жауың болса, онда дәнеңе жоқ, мына дүлейдің сырына жетпеген соң, ойланып қалады екенсің. Бұл өзі теңізде жасайтын құс, киттермен алысып жем табатын мақұлық болса керек», - деп сөзін доғарды.

 

Әлiп атамыз және бір рет 1943 жылдары Баркөл жерінде аң аулап жүргенде, алдынан кезіккен үйір құланды шалмалап ұстамаққа қуа жөнеледі. Әліптің астындағы аты ұшқыр екен, құланды қуып жетіп, жанасалап қалғанда, шалмалауға да орай болмай, қатарласа қалған құланға ат үстінен аюша ырғып барып, қона кетеді. Өмірінде арқасына ала жіп салдырып көрмеген таз тағысы мұндай қорлыққа шыдамы кеткендей шыңғырып, мөңки жөнеледі. Үстарға жал, не шоқтық жок, жұмыр құланның үстіндегі Әліп бауырына екі аяғын қыса, жыра-жықпыт, адыр-қырқамен зулатып келе жатып, ендігі амалы, құланды құлақтан тұқырта омақастырып түсіріп, аюша басып, орнынан тұрғызбай отырады. Артынан келген жолдастары Әліптің мына ерлігіне таң қалады. Осы әңгімесін айта келген Əліп қарт: «Мұндай тәуекелге өзіңе өзің сенуің керек. Неге десеңіз, осының алдында кұйға түскен түйені бірнеше ауыл азаматтары шығара алмай жатқанда, үстінен түсіп, іштей өз күшімді бір сынайын деп, табанымның астына жалпақ тас қойдырып, үш ырғап сыртқа шығарып тастағаным бар еді. Күшімді шамалап көргенімде, дала тағысының менің құдіретіме тең келмесін аңғарып, осылайша шоқтықтап едім. Әйтпегенде ессіздерше ұмтылсаң, арам өлмейсің бе?» дейді ершiкештене.

 

Әлекең батыр да еді. Көктоғай, Шіңгілдің Шыңшысай үкіметіне қарсы төңкерісі барысында бір төбенің иесі болып, жауына қасқая қарсы тұрып, соғыс майданында талай ерлік көрсетеді. Соның бірі сол кезде оның асқан мергендігіне қызыққан елбасы Тоқтархан оны қасынан тастамай жүріп, жауды арнаулы қадап атуға қоятын-ды. Бір жолы Тоқтарханның атын ұстаған адам шегініп кетіп, Тоқтарxан ентелеген жау алдында жалғыз қалғанда, жауып тұрған оқ арасынан Тоқтарханды құтқарып шығады. Осыдан бастап Әлекеңді ел болып «Батыр» деп басын көтерген екен. Осы Әлекең солақай саясат кезінде қақпай көрсе де жасымай, халқына аянбай еңбек сіңірді. Бойындағы жігер-қайраты тасқындаған Әлекең күрес, күш сынасу дегенде алағызып кетеді екен. Алпыс неше жасқа дейін қару-қайраты қайтпай, тай-құлынды өзі жалғыз таңбалап, қара жұмыстан қалмаған. «Өгіз балуан» аталған Әліп қария 1992 жылы 72 жасында дүние салған.

 

 

 

ТҰРСЫНҒАЛИ БАЛУАН

 

1958 жылы алдағы күзде аймақтық балуандар сайысы болады деп жатқанда ауылдастары бала Тұрсынқалиды алысып-жұлысып, айқасып жатқан азаматтар қатарына қосады. Оның 12 жасар кезінде-ақ бірдағар бидайды TIK көтергенін байқаған ауыл ақсақалдары: «Мынау ұлы әкесі Көкбұтқа тартқан-ау» деп, отырушы еді. Өткен жылы қырман басында, аузын шымшып буған қаптағы жүз келі бидайды кім екі құлағынан ұстап, екі қолының қарымымен көтеріп кетсе, бидай сұраусыз деп бәс тігілген еді. Дәмелілердің бәрі құр арамтер болғанда, бір қап бидайды осы дәу қараның әкеткені ел есінде. Сөйтіп, ауыл ақсақалдарының дем беруімен бірден күрес майданына кірген Тұрсынғали Қанапия атты балуанмен бел ұстасуға шығады. Түкең қомданып келген жерден түлкіге түскен қырандай Қанапияны бақайына да ілмей бұрқ еткізе тастай беріп, Мықынданып тұра қалады. Осылайша, балуан талдауда аймақтық балуандар бәсекесіне Тұрсынғалидың бір өзі баратын болады.

 

Түкең аймаққа келгенде жарысқа дайындалған, 90-100кг салмақтағы өңшең алып балуандар қырық күндік жаттығуын аяқтап та қалған екен. Ал, жаттығуға кеш келгеннің сыртында, Түкеңнің салмағы бар болғаны 68кг ғана еді. Аралық салмақ тым алшақ болғандықтан, басқарушы оның күреске түспеуін тастап өтінеді. Бірақ, ауылдан аттанып, жарысқа арнайы келіп қалған соң Түкең күреспей қайтуды намыс көреді. Дереу: «жоқ, осылармен күресемін. Қарын күреспейді, қарым күреседі емес пе!» дейді батылдана. Ақыры, аймақтың бәсекеде Тұрсынғали әуелі Түсіп балуанмен белдесті. Екі балуан айғырша тебісіп, бураша шабысты. Қырқай шалудың, жамбасқа салудың бәрін іске салған Түкең Түсіпті үш кездесуде де беттетпеген соң әйгілі балуан, жас балуанды шынымен мойындағанын аңғартып, белбеуін шешіп, Тұрсынғалидың алдына кетеді. Шәуешек бойынша «Құрыш балуан» атанған Құрманғали мына баланың мығымдығын аңғарып, өз жолын күреспей береді. Алғашқы үлкен сайыста осылайша ағалап алға шыққан Тұрсынғалиды көп ұзамай өлкелік балуан тәрбиешісі Жаң Шү мен волейбол жаттықтырушысы Ғани өлкелік балуандар командасына ресми мүше етіп әкетеді.

 

Түкең мұнда күрес техникасына, әдіс-айлаға машықтандыратын сапалы жаттығуға араласады. Арада Серік балуанмен сынасып түскен еді, Серік өзін түтіп жібереді. Ол өзінің жаттығуының әлсіздігін енді аңғарады. Жалғасты жаттығады. Аға балуандармен күш сынасып, өзінің әдіс-айласын жетілдіре түседі. Түкең 1959 жылы Шандұңның Тайвань қаласында өткізілетін мемлекеттік балуанға түсіп, Моңғолиялық қара балуанды бір ұпай бермей ұтып алғанымен, техникасының әлсіздігінен Шаңхай балуанынан жеңіледі. Ендігі жерде намыс қамшылап, маңдай терін аяусыз төге жүріп, күрес техникасын игеруге тағы да жан сала кіріседі. Сол өлшеусіз төккен тердің нәтижесі болар, 1961 жылы Тианжинде өткізілетін бес үлкен қаланың жарысына қатысып, мемлекеттiк үш жүлдегерді даусыз жығып, алтын медаль алып, ел мерейін үстем етті. Қырсық болғанда, сол жылы күтпеген жерден «Тарбағатай оқиғасы» басталады да, ел арасындағы дүрбелең спорттық бәсекеге бірталай уақыт тұсау салады. Өзгелер секілді Тұрсынғали да ауылына қайтуға мәжбүр болады.

 

Түкең даланың табиғатындай мінезіне басып, ауылында пішен шауып, пішпе пішіп жүре берді. Арада екі жыл өтіп, өлкеден және шақырту келген соң, ойланып-толғанбастан өлкелік балуандар командасы қатарына қайта қосылады. Бұл - 1965 жылы Бейжіңде өткізілетін екінші реткі дене-тәрбие бәсекесі алдындағы дайындыққа шақыруы екен. Аз уақыттық жаттығудан соң, Бейжіңге барып, майданға түскен Тұрсынғали ширығып келгендей-ақ, алдына келген Шаңхай, Бейжің жүлдегері Уаң Диң мен ішкі моңғол жүлдегері Шмидос бастатқан балуандармен күресіп, бас жүлдені иеленіп, «Мемлекеттік жүлдегер» (чемпион) атағымен ауылға оралады.

 

1965 жылы Тұрсынғалидың көңіліне тағы бір кір жұғады. Ол Тарбағатайда өскеніне бола «шетке байланған, буржуазияшыл» деген атпен мемлекетке сенімсіз адамдар қатарында, үнемі бақылауға алынады. Бақытқа орай, осы жылы мемлекеттік балуандар командасы Шынжаңнан он балуан сұрайды. Жай қатардағы балуандар алда өтетін Жапония балуандарымен сайысқа әзірлену үшін мемлекеттік командаға лайықты, тәжірибелі балуан жіберуді тапсырады. Тәжірибелі балуанның бірі «Мемлекеттік жүлдегер» атағын иеленген Тұрсынғали еді. Осы сараптауға Түкендi бiр мезет толқытып барып жіберуге мақұл болады. Түкең сонда: «менің нәтижем елім мен отаныма тән. Сондықтан бар күш-қуатымды отаным үшін арнаймын. Туған анамның ақ сүтін ақтау үшін осы орайды маған беріңіздер», - деп қатаң талап қояды. Заманның ыңғайына қарай балуан дәл осылай серт беруге тиіс еді. Ақыры, Тұрсынғали, Көкенай, Қанатай, Жансейіт, Қалелхан, Құрманғажы, Рахмет қатарлы он балуан Бейжиңге аттанып, ЖұңГоша және классик (грек-рим), дзюдо күресіне емес, жанкештілікпен жаттығып, бірталай уақыттан соң барып сайысқа түседі. Бұл жолы Тұрсынғали Жапон жүлдегері Жиниң Таңмен күреседі. Күрес басталысымен қос балуан бірде сілкілесіп, бірде жұлысып, қағысады. Уақытты ұтумен Жапон балуаны Тұрсынғалидың аяғына жармаса бергенде, Түкең желкеден басады. Бірақ, төрешілер жеңісті көпе-көрнеу Жапон балуанына беруді ұйғарады. Сөйтіп ұтылған Жапон балуаны сол жолы жеңімпаз атанады. Мына әділетсіздікке Тұрсынғали ғана емес, бүкіл спортшылар наразы болып, ақыры бұл екеуін Шаңхайда қайта күрестірмек болады. Түкең ендігі жерде қатты ойланады. Мынау маған енді қайталанып келмейтін мүмкіндік қой, әрі анау артта көз тігіп отырған елімнің, мынау кеңірдегін созып, табанын көтеріп отырған отандастарымның намысын жібермеуім керек деп, жігерлене түседі. Алғаш белдескенде-ақ жапондықты ұтып шыға келген еді. Екінші кездесуде шарасыздықтан дымы құрыған жапондық намысқа басып, ыршып келіп теуіп жібереді. Бұл күрес ережесіне мүлде қайшы келетін өрескелдiк еді. Бірақ, төрешілер алқасы жапондықтың бұл тәртіпсіздігін байқамаған сыңай танытып, күресті жалғастыра береді. Енді Тұрсынғали аянары қалмағанын сезінеді. Соңғы белдесу үстінде далалықтың бұрқ-сарқ мінезіне басып, қарсыласын уақыт толғанша бас көтертпей, мылжа-мылжасын шығарып, 19:3 ұпаймен жапондықтан басым түседі. Әділетсіз төрешілердің бұл даусыз жеңіске қарсы жасар амалдары қалмаған еді. Тұрсынғали Бейжіңде осылайша жеңімпаз атанады. Шаңхайлықтар оны төбесіне көтере құрметтейді. Тұрсынғали балуан сол кезеңде ақпарат бетінің мақтанышына айналады.

 

Тұрсынғали Бейжіңде халықаралық жарыстан Шаңхайға жеңіспен оралады. Бұл балуанның топ додалардағы соңғы қатысқан ірі бәсекелі майданы еді. Көп ұзамай ол қызмет бабымен ауылына қайтты. Онда дене-тәрбие комитетіне барып, болашақ жас жеткіншектерді тәрбиелеп, талай жұлдызы жанған жастарды арысқа салды. Не бір майталман күрес жеткіншектерін тәрбиелеп жетістіріп, ақыл-жігерін сарықты.

 

 

 

ҚАЛИ БАЛУАН

 

Қали балуан Қытайдың мемлекеттiк чемпионы. 1961 жылы туған. 1978 ЖЫЛЫ 17 жасында райондық балуандар командасына қабылданып, арыстың алысы мен шалысына жаттығып небір шебер жаттықтырушылардың алдын көріп, қажырлылығымен көзге түсті. Ертеңінен зор үміт күттірді. Осы жылы ұйым жас түлекті неде болса деп район көлеміндегі жастар жарысына және өз салмағындағы шақ көрген нәтижелі балуандарға салып, жас түлектің томағасын тартып көреді. Екі ретте жеңіл салмақ бойынша біріншілікті ұтып шыға келеді де, ертеңінен тіпті мол үміт аңғартады. Кәсібін қызығып сүйе білген Қали Мұқатайұлы түлеп ұшқан қырандай қанатын қомдай түседі. 1979 жылдан мемлекеттік жарыстарға дүркін-дүркін түсіп, біріншілікті жеңіп алып, кеудесін алтын медалға жарқырата толтырған Қалиға ұстаздары мәз болады, ауылдастары, әке-шешесі қоса масайрап, «Қали арыстанымыз нағыз ер жігіт болды» деп,төбесі көкке жеткендей қуанады. 1983 жылы Шаңхайда өткен мемлекеттік балуандар бәсекесінде үшінші дәрежелі жүлде алған өлкелер ара өткізілген төрт реткі еркін күрестің чемпионы. Ердің даңқы – елдің даңқы емес пе! Ол ел ішінде Шүйжу,Бейжин, Күнмиң, Тайвань, Шаңхай, Жұңжо, Мужанжиян,Гүйлин қатарлы қалаларда жарыста болып, мемлекеттік еркін күресте орта салмақта сегіз рет аға жүлдегер, үш рет қола медаль иегері болып өз елінің мерейін өсірді. Қали мұндай нәтижелерімен масаттанбай қыза түсіп, халықаралық күрестерге аттанып, Иран астанасы Теһран қаласында өткізілгенхалықаралық жарысқа, Бухарест қаласындағы жоғары мектеп оқушыларының дүниежүзілік балуандар бәсекесіне түсіп, жиырма неше елдің балуандарымен сілкілесіп отанына даңқ әперді. Ол қазір ШҰАР балуандар командасында аға жаттықты-рушы, бірінші дәрежелі мемлекеттік жүлдегер әрі төреші.

 

 

 

ЖАНСЕЙІТ БАЛУАН

 

Жансейіт Мұқамедиұлы 1944 жылы шілдеде дүниеге келген. 1944-1955 жылдары ата-ана тәрбиесінде болды. 1955-1963 жылдары мектеп тәрбиесінде болды. 1963 жылықазан айында Шынжаң балуандар командасына талданған. 1964 маусым айында Анхуй өлкесінде өткізілген мемлекеттік жарысқа қатынасып мемлекет бойынша 4-дәрежелі болды. 1965 жылы Бейжіңде өткізілген 2-реткі Чаянхуйға қатысты. Бұл жолы мемлекет бойынша 2-дәрежелі болды. 1966 жылы мемлекет өкілі болып Жапонияның балуанымен күресіп бірінші болып мемлекетке атақ алып берген.

 

1966 жылдан 1972 жылдары жалғасты Шынжаң балуандар командасында 5 те жақсы спортшы болып қызмет істеді. 1973 жылы Шіңгiл аудандық дене-тәрбие органына келді. Ауданымызға атақ әперді. Әрі жақсы спортшы атағын алды.Жалғасты ұстаздық қызмет атқарып Қазез, Құттыбай, Бақытқатарлы спортшыларды тәрбиеледі. Бұлар да аймақ бойыншабірінші дәрежелі болып жүрді.

 

1974 жылы Алтай аймақтық дене-тәрбие командасыныңұстазы болды. Бұл жолғы тәрбиелеген спортшылары да Бұраталада өткізілген автономиялы райондық жарыста біріншіболды. Тәрбиелеген шәкірттерінен жетеуі бірінші дәрежелі, екеуі екінші дәрежелі болды. Сол жолғы шәкірті Гүлістандытаңдаулы спортшы деп автономиялы районда алып қалды.

 

1976 жылы және аймақта мұғалім болып қызмет істеді.Қашқар аймағында өткізілген жарыста аймақтық балуандар командасы ШҰАР бойынша бірінші болды. 8 алтын медальалып келді. Сондағы тәрбиелеген спортшылары Солтікен,Айдархан, Доди, Мейрамбек, Мамырбек қатарлылар.

 

1977 жылы әрі мұғалім әрі спортшы болып аймақта қызмет істеді. Корлада өткізілген жарыста Шынжаң бойынша өзі бірінші болды. Командасы екінші болды. Сол жылы ШҰАР-ға екі спортшы талдап берген. Олар Доди мен Солтiкен.

 

1977 жылы қазанда облыстық жарыс болып бірінші болды.Әрі аймақтық командасы да бірінші болды. 1980 жылы аймақтық жарысқа Шіңгiл ауданының өкілі болып қатынасып бірінші болды. Ауданға да, мемлекетке де,өлкеге де, аймаққа да өзінің дене-тәрбиедегі бір кісілік еңбегін аямады. 1963 жылдан қазірге дейін Алтай аймағы бойынша дене-тәрбие қызметіне үзбей өз үлесін қосып келеді.

 

 

 

МАМЫРБЕК БАЛУАН

 

Мамырбек Төкенұлы 1962 жылы Алтайдың Алақақ ауылында туған. 1972 жылы бастауышқа кіріп 1978ЖЫЛЫ орталау мектеп бітірген. Бір жыл істеп 1-мал фермасында кірпіш құйып жатқанда ағасы Манатбек: ауыл орталығында

 

балуан талдап жатыр екен дейді. Мамырбек барса ауданға балуан бала талдап жатыр екен, күресіп еді бәрін жықты. ауданға алып кетеміз деп еді үйі қосылмайды. 1980 жылы маусым айында тағы да жеті аудан бойынша жарыс болып соған қатысуға талданады. Құрманғазы, Отай сынды жетекшілер жарысқа 10 күндей қалғанда ғана машық жасытып, аймақтық жарыс қа бірден қатыстырады. Бұл жолы да ол біріншілікті жеңіп алады. Аймақтық балуандар

 

командасына талданады. Тамыз-қыркүйек айлар шамасы Көкенайдың тәрбиесінде ШҰАР бойынша өтетін жарысқа Шәуешекке әкеледі. Мұнда да арыс майданында 1-орын алады. енді оны автономиялы райондық балуандар командасы өздеріне талдайды. 1980 қазан айында Үрімжіге шақырды.

 

1982 жылы Үрімжідегі мемлекеттік балуандар жарысында 82кг салмақ бойынша екінші орын алды.

 

Осындан кейінгі жерде ылғида жеңіс төрінен көрінді. 1981 жылы қазан айында Шаңхайда жарыста 1-орын, 1982 жылы Тайванда 3-орын, 1982 жылы қазанда Жыңжуда 2-орын, 1984 жылы наурыз айында Муданчияң 2-орын, 1983 жылы сәуір айында Гуйлиңде 2-орын, 1985 жылы наурызда Ши-Анда 5-орын иеленді.

 

1992 жылы ШҰАР спорттық сайыстары Құлжада өтіп, 82кг салмақ бойынша Алтай аймағы атынан түсіп 1-орын алды. 1986 жылы ШҰАР дене-тәрбие жарысында Қашқарда бір жылда үш рет арысқа түсіп, 1-орын алды. Шәуешекте Рудауда бірінші болды.Халықаралық күрес түрі – Алтайда өтіп, онда да біріншілікті жеңіп алды. Арт-артынан 4 алтын медаль иеленді.

 

1989 жылы балуан командасының 3-отряды құрылып, 1992 жылға дейін қорғау қызметінде, 1992 жылдан бастап кеңсенің орынбасар бастығы, артқы шеп қамдау қызметінің жауаптысы жұмыстарын атқарып, демлысқа шықты

 

Сабина Кәкімжан
Бөлісу: