Қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы дүние салды

4 Желтоқсан 2022, 01:18 3339

Оның жеңісін әлі ешкім қайталамаған

Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы, даңқты спортшы Әлжан Жармұхамедов 78 жасында дүние салды, деп хабарлайды El.kz.

Ол баскетболдан тоғыз дүркін КСРО чемпионы, КСРО құрамасының сапында үш мәрте Еуропа чемпионы атанған.

1972 жылғы Мюнхен Олимпиадасының чемпионы болды.

Монреаль Олимпиадасында да қола медалді иеленді.

Бүгін ұзаққа созылған аурудан ЦСКА-ның және құрамамыздың ұлы ойыншысы Әлжан Жармұхамедов өмірден озды. Аңызға айналған Түркістан айдаһары 78 жаста болатын, - деп жазылған баскетбол клубының ресми сайтындағы хабарламада.

Әлжан Жармұхамедов ЦСКА клубында 11 маусым ойын көрсетіп, командасының жеңіске жетуіне үлес қосқан.

Әйгілі баскетболшы 1944 жылы Өзбекстанда дүниеге келген.

Спорттағы мәнсабы аяқталған соң спортшы соның ішінде еліміздегі баскетболды дамытуға үлесін қосты.  

EL.KZ
Бөлісу: