Қазақстанның журналистер құрамасы Грузияда чемпион атанды

1 Қараша 2022, 00:28 2125

А тобында елордалықтар сәтті өнер көрсетіп, өз тобынан бірінші орын алды.

Грузия астанасы Тбилиси қаласында атақты футбол комментаторы, актер Котэ Махарадзені еске алуға арналған шағын футболдан турнир өтті, деп хабарлайды El.kz.

Аталған халықаралық жарысқа Қазақстан атынан журналистерден құралған екі команда қатысты. Бірі Астананың, екіншісі Алматы қаласының намысын қорғады.

А тобында елордалықтар сәтті өнер көрсетіп, өз тобынан бірінші орын алды.

Сосын жартылай финалда да сүрінген Әзірбайжаннан келген әріптестерін жеңді. Бас жүлде үшін тартыста ойын соңындағы пенальтиден Грузия құрамасынан басым түсті.

Б тобында ойнаған Қазақстанның екінші құрамасы топтан шыға алмады.

Марапаттау барысында Қазақстан тарапы жарыста үздік өнер көрсеткен Әзірбайжан құрамасының ойыншысына Амангелді Сейтхан атындағы арнайы марапатты табыстады.

Алдағы уақытта дәл осындай халықаралық турнир Қазақстанда өтеді деп жоспарланған.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік қақпашы марапатын журналист Айбек Қабылша жеңіп алды. Ал турнирдің үздік ойыншысы тағы бір қазақстандық Сергей Надточей танылды. Үздік шабуылшы да алматылық Назар Найзабекке бұйырды.

EL.KZ
Бөлісу: