06.12.2025
11:11
397
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды

Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды

6 желтоқсанда Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі. Осыған байланысты қала тұрғындарына далада серуендеуді шектеу ұсынылады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

2025 жылдың 6 желтоқсанында келесі қалаларда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтілуде:

  1. Алматы
  2. Орал
  3. Ақтөбе
  4. Атырау
  5. Жезқазған
  6. Балқаш
  7. Астана (түнде).

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның жер беті қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіздік, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.