Қазақстан Сыртқы істер министрлігінде жаңадан тағайындалған Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Елшісі Талғат Шалданбай мен Халықаралық азаматтық авиация ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Тимур Тілегеновтың ант беру рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.
Іс-шараға сыртқы саяси ведомствосының басшылығы қатысты.
Ант қабылдау рәсімі саяси лауазымдарға алғаш рет тағайындалған қазақстандық мемлекеттік қызметшілерге арналған. Мұндай рәсім Қазақстан Республикасының шетелдегі елшілері мен басқа өкілдерінің қызметіне деген жауапкершілік пен адалдықтың жоғары деңгейін көрсетеді.