Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) өткізіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының тағы бір боксшысы жеңіліс тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
86 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалға жолдама алған Дәулет Төлемісов өзбекстандық әлем чемпионы Акмалжон Исроиловпен шаршы алаңға шығып, төрешілер шешімімен 0:5 есебімен ұтылды. Жекпе-жектің алғашқы екі раундында рефери қазақстандық боксшыға нокдаун тіркеді. Нәтижесінде Төлемісовтың турнирдегі жорығы аяқталды, ал Исроилов келесі кезеңге жолдады.
Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстан құрамасынан Ерасыл Жақпеков (80 кг) пен Нурмагамед Юсупов (92 кг) жарысты мерзімінен бұрын аяқтады.