Қазақстанның үш қаласында балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілді

25 Қараша, 10:33 356

Қазақстанның үш қаласында – Тараз, Шымкент және Түркістанда пилоттық режимде балабақшаларды ваучерлік қаржыландыру жүйесі енгізілді, оны кейіннен бүкіл еліміз бойынша кеңейту жоспарланып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жүйе мектепке дейінгі білім беру сапасын арттыруға және бюджет қаражатын жұмсаудың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен бірге ақша бөлу тәртібі өзгерді. Қаржы енді ұйымдар арасында бөлінбейді, ата-аналардың арнайы шоттарына аударылады. Олар баласын қай балабақшаға беру керегін таңдайды. Яғни, мұндағы ұран: «қаражатты баланың соңынан ілестіру». 

Ваучерлік қаржыландыру ата-ананың балабақшаны өз еркімен таңдауын қарастырады. Осылайша, барлық балабақша балалар үшін жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар ата-аналар сапаға назар аударады. Ата-аналар бас тартатын ең нашар бақшалар өздігінен жабылады немесе білім беру сапасын жақсартуға көшеді. Біз сондай-ақ “жалған тіркеуге” қатысты ұзақ жылғы мәселені шешеміз. Баланың деректерін цифрландырудың арқасында біз оның деректерін ғана емес, сонымен бірге бұл деректерді басқа ақпараттық жүйелермен салыстыра аламыз. Неге, мысалы, бала бір қаланың балабақшасында оқып, ал екінші қалада емханаға баратын жағдайлар кездеседі, — деді «Қаржы орталығы» АҚ басқарма төрағасы Асқар Ибраимов.
Мұндай пакет аномальды факторларға жауап беруге және белгілі бір білім беру ұйымында қызмет ала алмайтын жанама “жалған тізімдерден” тазартуға мүмкіндік береді.
Мөлдір Қайнар
Бөлісу: