Астанада «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ-да ЭЫДҰ Хатшылығы, сондай-ақ Оңтүстік Корея мен Египеттің Ұлттық байланыс орталықтарының өкілдері өткізетін Қазақстанның Ұлттық байланыс орталығының сараптамалық бағалауы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰЭМ мәліметінше, сараптамалық бағалау ҰБО жұмысының ЭЫДҰ Нұсқаулығына арналған процедуралық басшылықта белгіленген негізгі критерийлерге сәйкестігін талдау үшін қажет.
Бұл бағалау ағымдағы жылдың 24-26 қазаны аралығында жоспарланған. Іс-шара бағдарламасы сұрақ-жауап форматында мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам, сондай-ақ бизнес-қоғамдастық өкілдерімен және т.б. қатысуымен бірнеше сессиялардан тұрады.
Іс-шараның ресми бөлімінде бағалаудың ашылу салтанатында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров құттықтау сөз сөйледі.
Қазақстан үшін ЭЫДҰ жұмыс істеп тұрған ұжымдық уағдаластықтардың үлгісі, институционалдық әлемдік жады мен білімнің мызғымас базасы болып табылады.
Жүргізіліп жатқан сараптамалық бағалау жемісті және тиімді болатынына, сондай-ақ ҰБО жұмысы, Үкіметтің бизнесті жауапты жүргізу саласындағы саясаты туралы толық түсінік қалыптастыруға және қазақстандық ҰБО-ны одан әрі жетілдіру бойынша пәрменді ұсынымдар әзірлеуге мүмкіндік беретініне сенімдімін, - деді министр.
Сараптамалық бағалау артықшылықтарды анықтауға, сондай-ақ ЭЫДҰ Хатшылығының қорытынды есебінде көрсетілетін ҰБО қызметіндегі проблемалық сәттерді жою жөнінде ұсыныстарды әзірлеуге бағытталған.