Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды

Қазақстанның төрт облысында жолдар жабылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт облыста республикалық маңызы бар алты автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Шығыс Қазақстан облысында – жалпы ұзындығы 160 шақырымды құрайтын 1 автожол (қар көшкіні қаупі).

  1. Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Қатон-Қарағай-Рахман қайнарлары - Ушановсое ауылы - Алтай қ.(барлық көлік түрлері үшін)

Қарағанды облысында – жалпы ұзындығы 638 шақырымды құрайтын 3 автожол. (қар, шектеулі көрініс, көктайғақ, жел)

  1. «Қызылорда-Павлодар» Қарағанды қ.-Павлодар обл.шекарасы (барлық көлік түрлері үшін) ⁠Ұлытау обл.шекарасы-Топар а. (Қоғамдық және жүк көліктер үшін)
    2. «Екатерибург-Алматы» Новостройка а.-Ақсу-Аюлы а.
    3. «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» - Қарағанды қ.-Қарқаралы қ. (қоғамдық және жүк көліктер үшін)

Павлодар облысында - жалпы ұзындығы 71 шақырымды құрайтын 1 автожол
(Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты).
1. «Қызылорда-Павлодар» - Қарағанды обл.шекарасы-Шідерту ауылы. (Барлық көлік түрлері үшін)

Ұлытау облысында - жалпы ұзындығы 32 шақырымды құрайтын 1 автожол
(Қарағанды облысында ауа райының нашарлауына байланысты).
1. «Қызылорда-Павлодар» - Жаңаарқа а.-Қарағанды обл.шекарасы (қоғамдық және жүк көлік түрлері үшін).