Қазақстанның тоғыз өңірінде 638,8 мың га астық алқабы жиналды

4 Тамыз 2023, 18:09 1353

Егін жинау науқаны Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан, Абай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ҚР АШМ мәліметінше, елдің барлық аймақтарында жаппай егін жинау тамыздың үшінші онкүндігінде басталып, қарашаға дейін жалғасады. Орташа өнімділік гектарына 14 центнер болғанда 1079,6 мың тонна астық бастырылды.

Егін жинау науқанын өткізу үшін 426 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлу жоспарланған. Бүгінгі таңда 78,2 мың тоннасы төленіп, шамамен 45,7 мың тонна жөнелтілді.

Биыл Энергетика министрлігі уәкілетті орган ретінде МӨЗ-ден дизель отынының сату бағасын тоннасына 284 мың теңге деңгейінде  бекітті. Жеткізу жөніндегі операторлардың шығындарын ескере отырып, фермерлер үшін орташа баға литріне 269 теңгені құрайды, бұл нарықтық құннан 9% төмен.

Облыстардың әкімдіктері жоспарлы режимде астық сақтау қоймаларының дайындығын қамтамасыз ету бойынша қажетті жұмыстарды істеп жатыр. Элеваторлардың ағымдағы қуаты 29,9 млн тоннаны құрайды, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындарында – 13 млн тонна, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде – 16,9 млн тонна.

Осылайша, сақтау қуаттылығының көрсетілген көлемі өткен жылдардағы ауыспалы қалдықтарды ескере отырып, болжамды егінді сақтау үшін жеткілікті.

EL.KZ
Бөлісу: