Қазақстанның теңіз порттары арқылы 6,2 млн тонна жүк тасымалданды

17 Қараша, 01:18 1546

Көлік министрлігінің мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда теңіз көлігі арқылы тасымалдау көлемі 3%-ға, оның ішінде транзиттік жүктерді тасымалдау 18%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтау порты арқылы өткен 27 мыңға жуық контейнерді қоса алғанда «Шығыс-Батыс» транзиттік қатынасындағы контейнер тасымалының көлемі 84% ұлғайған.

Сондай-ақ биыл Құрық портының «Саржа» терминалы аталған кезеңде Түркия мен Иран бағытында шамамен 55 мың тоннаға жуық жүк (түсті металдар, аммофос, арпа) өңдеді.

Айта кетейік, биыл қазан айында Құрық портында жылына қуаты 1 млн тоннаны құрайтын тағы бір астық терминалы қолданысқа енгізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Құрық портының базасында толыққанды логистикалық кластер құру жұмысы белсенді жүріп жатыр.

Зарина Арман
Бөлісу: