15.04.2024
11:49
1068
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Тараптарды барлық келіспеушілікті тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырды.

Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, жексенбіге қараған түні Иран Израильге дрон және қанатты зымырандармен жаппай соққы жасады. Мамандардың бағалауынша, бұл бұрын-соңды болмаған оқиға.