23.07.2025
14:40
1064
Қазақстанның қай өңірлерінде жалақы өсті?

Қазақстанның қай өңірлерінде жалақы өсті?

Қазақстанда 2025 жылдың алғашқы тоқсанында номиналды жалақы өссе де, азаматтардың сатып алу қабілеті төмендегені байқалады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Бұл туралы Finprom.kz порталы мәлімдеді.

2025 жылдың бірінші тоқсанында орташа айлық жалақы 423,1 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,2%-ға жоғары. Алайда нақты жалақының өсімі мұндай қарқынмен артпаған, яғни сатып алу қабілеті баяу өсуде.

Ең жоғары жалақы қай өңірлерде тіркелді?

Номиналды жалақы бойынша көшбасшы өңірлер:

  • Атырау облысы – 634,2 мың теңге
  • Маңғыстау облысы – 621,3 мың теңге
  • Ұлытау облысы – 599 мың теңге

Ал ең төмен жалақы төленетін өңірлер:

  • Солтүстік Қазақстан облысы – 300,1 мың теңге
  • Жетісу облысы – 308,4 мың теңге
  • Жамбыл облысы – 308,9 мың теңге

Номиналды жалақы өсіп жатқанымен, нақты жалақы төмендеуде

Қазақстанның 20 өңірінің алтауы 2025 жылдың алғашқы тоқсанында нақты жалақы индексінің төмендеуін көрсетті. Бұл — азаматтардың сатып алу қабілетінің де азайғанын білдіреді. Яғни, қазіргі жалақы өткен жылғыдай тауар мен қызмет алуға жеткіліксіз.

Нақты жалақысы төмендеген өңірлер:

  • Батыс Қазақстан облысы – минус 5,2%
  • Атырау облысы – минус 3,9%
  • Шығыс Қазақстан облысы – минус 1,9%
  • Қызылорда облысы – минус 1,2%
  • Ақмола облысы – минус 1,1%
  • Маңғыстау облысы – минус 0,8%

Қай өңірлерде сатып алу қабілеті артты?

Қарағанды облысы — елдегі нақты жалақы өзгермеген жалғыз өңір, яғни индекс бұрынғы деңгейде сақталған.

Сатып алу қабілеті артқан өңірлер:

  • Абай облысы – 0,6% өсім
  • Ұлытау облысы – 9,1% өсім (ең жоғарғы көрсеткіш)
  • Басқа өңірлерде де нақты жалақы индексінің өсуі тіркелген.