Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жауын-шашын болады

15 Ақпан 2023, 13:41 1524

Қазақстанның кей аймақтарында қар жауады, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жаууы мүмкін, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі «Қазгидромет» РМҚ-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігіне антициклон ықпал етеді, тек батыстағы аудандар батыстан шығысқа қарай ығысып келе жатқан циклонның ықпалында болады.

Соның әсерінен республиканың жекелеген аудандарында қар жауады, елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр мен қар жауады. 16-18 ақпанда оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда нөсер жауын мен қалың қар түсуі мүмкін. Республиканың оңтүстік бөлігінде көктайғақ болып, таулы және тау баурайындағы аудандарда тұман түседі. Республиканың солтүстігінде жел күшейіп, жаяу бұрқасын болады.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанның сегіз өңірінде ескерту жариялады.

EL.KZ
Бөлісу: